Куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден кім босатылады?

Цонда құжаттамалық қызметтерді алған кезде Қазақстан Республикасынң Салық кодексіне сәйкес клиенттердің жекелеген санаттары мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады. Құжаттамалық қызметке төлқұжаттарды, жеке куәліктерді және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кіреді. Мыналар мемлекеттік баждарды  төлеуден босатылады:

-Үлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

-Кеңес Ождағының және Социалистік Еңбек Ерлері;

-барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі

-қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын қарт адамдар;

-балалар үйінде немесе интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-«Батыр ана » атағын алған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа » алқаларымен марапатталған көп балалы аналар

-Чернобыль апатынан балалық шағында зардап шеккен азаматтар.

Аталған санаттағы тұлғалар төлқұжат немесе жеке куәлік алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті емес.

 

 

 

                                                                                                  

Дата публикации
19 июля 2022