Мемлекеттік жер учаскесін сату туралы онлайын-аукциноға қалай қатысуға болады?

Ең алдымен, eGov порталында авторизациядан өту қажет. Ары қарай «Электронды түрде жер учаскесін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу арқылы Мемленкеттік мекемеден жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін таңдау керек. Сауда-саттық қатысу үшін өтінімді толтырасыз, содан кейін ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет. Қатысушы «элктрондық сауда» порталына мына сілтемемен http:// e-auction.gosreestr.kz/ қайта бағытталады.Артынша тіркеуден өтіп, кепілдік жарнаны төлеу қажет.

Сауда-саттық ағылшын әдісі бойынша өтеді,яғни бағаны көтеру тәсілі қолданылады.Бастапқы баға жер учаскесінің кадастрлық құны негізінде анықталады. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін жеңімпаз жер теліміне құқық белгілейтін құжаттарды алады.

Бұл қызметті мемлекеттік корпорация көрсетеді.

Дата публикации
12 июля 2022