Онлайн сауалнама

Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын онлайын бағалай алады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау бойынша онлайын қорғамдық мониторинг жүргізеді.

Барлық ниет білдірген қызмет алушылар eGov порталының «Ашық диалог» платформасында htt://m.egov.kz/survey/ сілтемесі арқылы өтіп,сауалнаманы толтыра алады. Сондай-ақ қызмет алушылар 2022 жылы алған мемлекеттік қызметтердің тізімін онлайн-формада көріп,олардың әрқайсысын жеке-жеке бағалай алады.

Сауалнамадан өту үшін ЭЦҚ қажет.

Сауалнама мемлекеттік қызметтерді көрсетуде халықтың қанағаттану деңгейін білу және проблемалық мәселерді анықтау үшін жүргізіледі.

Дата публикации
13 июня 2022