Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Т.Рысқұлов ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі №84 ұсынысы негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2022 жылдың 20 тамызы.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны: Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Сәтбаев көшесі, №58 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Т.Рысқұлов ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты.
  4. Т.Рысқұлов ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  5. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Жұмабекұлы Еспеновке жүктелсін.

 

 

           Аудан әкімі                                                         Е.Садырқұлов

                  Келісілді:

             Е.Еспенов     _______________                                              С.Нүрпеисов  _______________  

             Ә.Терлікбаев______________                                                Д.Оразбайқызы _____________

                   Б.Есеев    _________________                                               Д.Жанадилов        ___________

                  Ж.Адилов________________

 

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің

экспликациясы

 

 

№

 

Жер учаскелерінің меншік иелері            мен жер

пайдаланушыларының атаулары

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жалпы көлемі, гектар

оның ішінде

Мәжбүрлеп иеліктен

шығару мақсаты және негізі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жайылым, гектар

құрылыс асты, гектар

1

2

3

4

5

6

7

8

 

1.

Кульбараков Кадырбек Файзинович

Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы

06091093350

0,7539

 

0,7539

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84- бабының  негізінде 

 

2.

 

Кульбараков Кадырбек Файзинович

Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы

060910921002

0,18

 

0,18

 

Барлығы

 

 

0,9339

 

0,9336

 

Дата публикации
19 мая 2022