Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №142 қаулысымен бекітілген, жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия мүшелері бір ауыздан ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы»№7-1/559 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т.Рысқұлов аудандық инспекциясы ұсынысынған статистика органының деректері негізінде, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың 2022 жылдың ақпан айына төмендегідей орташа айлық құнын өтеу ставкаларын белгіледі:
Мүйізді ірі қара
Сүтті табындағы сиырлар –330 000 теңге
Сүтті табынның тұқымдық бұқалары – 370 000 теңге
Сүтті табынның ірі қара малдарының төлдері – 210 000 теңге
Сүтті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 160 000 теңге
Етті табынның сиырлары – 360 000 теңге
Етті табынның тұқымдық бұқалары – 334 963 теңге
Етті табынның ірі қара малдарының төлдері – 247 487 теңге
Етті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 165 000 теңге
Жылқылар
3 жас одан үлкен жылқылар – 514 976 теңге
Құнан 3 жасқа дейінгі – 360 000 теңге
1,5 жасқа дейінгі тайлар – 230 000 теңге
Қойлар
Қылшық жүнді саулық қойлар – 50 000 теңге
Қылшық жүнді қошқарлар – 75 000 теңге
1-2 жасқа дейінгі қылшық жүнді ұрғашы тоқтылар – 39 000 теңге
6 айдан 1 жасқа дейінгі қылшық жүнді тоқтылар – 35 000 теңге
Ешкілер
Ересек ешкілер – 31 000 теңге
1 жасқа дейінгі лақтар – 20 000 теңге
Жануарлардың өнімдері
Сиыр және бұзау еті – 2200 теңге
Жылқы және құлын еті – 2600 теңге
Қой еті – 2500 теңге
Шошқа еті – 1900теңге