Сыбайлас жемқорлықпен күресу бәріміздің ортақ ісіміз болып табылады, сондықтан біз кез-келген ортада парақорлық пен бопсалаудың алдын алуға белсенді қатысуымыз, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтармен қолдануының көптеген себептері бар. Осыған байланысты бөлім басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша, бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинарларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың шеңберінде тұрақты түрде тиісті іс-шаралар өткізіледі. «Жедел желі» жұмыс істейді және азаматтардың өтініштері үшін арнайы жәшік бар. Сондай-ақ, бөлімнің әрбір қызметкеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеу үшін жауапкершілік, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу туралы ескертіледі.
Халыққа қызмет көрсету бөлімі аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Т.Рысқұлов АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, тұтынушылармен көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беруге қойылатын заңды талаптар туралы ауызша түсіндірме жұмыстары өткізіліп тұрады.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ міндет.