Хабарлама

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Сізге «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдар (жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ)) өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ұсынуы қажеттілігін хабарлайды.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, №8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
Мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі

Дата публикации
01 марта 2022