Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың

І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 69 қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың І тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 4772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    2038  қызмет (42,7 %);

қағаз түрінде                     –     3 қызмет (0,06 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    258 қызмет (5,5 %).

Веб-портал арқылы           -   1416 қызмет (29,6%)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 1057 (22,2%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілеріне қызмет көрсетуден бас тартылмады.

2022 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген.

Қаңтар айында «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін кешіктіргені үшін (3 қызмет) Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы Е.Бағылбеков 91890 теңге айыппұл төледі. ( 30630 тенгеден)

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін кешіктіргені үшін Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Б.Ахметов 30630 теңге айыппұл төледі.

Аудан бойынша ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІV тоқсанында 72 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1312 халық қамтылды.        

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау аудан әкімідігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіліп, нәтижесінде 1 ұсыныс әзірленіп, орындалды.

 

 

Дата публикации
11 апреля 2022