Жеке көмекші қызметі

Жеке көмекші қызметі кімге тиесілі?

Қазақстанда өздігінен жүріп тұра алмайтын бірінші топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қаржысы есебінен жеке көмекші қызметін пайдалана алады. Қызмет ХҚО немесе Егов порталы арқылы тегін рәсімделеді. Қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу » қызметін табыңыз.
  2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз.
  3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.

Қызметті ХҚО-да алу үшін:

  1. Өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат
  3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.

Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі-10 жұмыс күні. Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.

Дата публикации
11 апреля 2022