Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі

Қазіргі таңда қағазбастылықтың азайғаны қуантады. Бұрын мекемелер жеке жеке анықтама сұрататын. Қазір керек еткен тарап ақпаратпен онлайн таныса алады. Ол үшін әрине, сіздің рұқсатыңыз керек. Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі арқылы псих-нарко диспансерлерінен, жылжымайтын мүліктің немесе соттылықтың болуы/болмауы, зейнетақы жинақтарының жай-күйі,салық бойынша берешек және т.б анықтама қолжетімді.

Ол үшін сұратушы тарап:

1.Egov .kz порталында авторизациядан өтеді.

2.Сервисті тауып, сіздің ЖСН-іңізді енгізеді;

3.Тізімнен анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау жібереді.

Сұраным сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі, сондай-ақ телефоныңызға 1414-тен код жазылған смс-хабарлама келеді. Осы екеуінің бірін пайдаланып, 2 сағат ішінде үшінші тұлғаның анықтама алуына келісім беріңіз немесе бас тарту қажет. 2 сағаттан кейін жіберілген жауап жарамсыз деп есептеледі.

 

 

                                                                                               Т.Рысқұлов аудандық

                                                                                               Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Дата публикации
11 апреля 2022