Көп балалы отбасы жәрдемақысы

Өтен жылдың мамыр айынан бастап көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде тағайындалды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 16 мыңға жуық қазақстандық жәрдемақыны проактивті форматта алды.

Бұған дейінгі аталған жәрдемақыны рәсімдеу үшін құжаттар жинап, ХҚО-ға жүгіну қажет болатын. Қазір ешқандай барудың қажеті жоқ. Килент SMS арқылы келісімін берсе болғаны. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.

Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады.

Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері.

Жәрдемақы туралы 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

Дата публикации
14 марта 2022