1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді, тиісінше, құжаттарды дайындау құны да өсті. 2022 жылдың басынан бастап АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, құжаттарын рәсімдеуші қазақстандықтар 0,2 АЕК-тен 8 АЕК аралығында баж алымын төлейді. Құжаттардың құны: паспорт алу-24504 тенге (8АЕК); жеке куәлік-613 тенге (0,2 АЕК); жүргізуші куәлігі-3828 тенге (1,25 АЕК); туу туралы куәлік- тегін, бірақ құжатқа түзету мен толықтыру енгізген жағдайда-1532 (0,5 АЕК); некені тіркеу-3063 тенге (1 АЕК), куәлікке түзету мен толықтыру енгізу- 1532 теңге (0,5 АЕК); АХАТ куәліктерін қайта беру -3063 теңге (1 АЕК); ажырасуға өтініш беру -6126 теңге (2АЕК).