Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2022 жылға жоспарланған (өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты) аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы туралы Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы.

ІІ –жартыжылдық

2022 жылғы 10-шы  қазан айында  Көкдөнен ауылдық округі  әкімінің  заңмен белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық Заңынан үзінді көшірме:

Осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және ол заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап отыз күн ішінде өткізеді.

Сайлауды тағайындау туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде жарияланады.

Жарияланған күні

05 қаңтар 2022

Жаңарту күні

05 қаңтар 2022

Дата публикации
28 января 2022