Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабаралама алады. Егер баспана иесі тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Осы кезде неге шығарды, неге айыппұл төлеймін дегендей сұрақтар туындайтын. Енді осы сұрақтарға жауап табылып отыр, барлық тіркеу бойынша өзгерістер смс ретінде келетін болады. Егер сізді шығарып жіберсе, бірден Егов порталы арқылы немесе ХҚО бөлімдеріне жүгініп өзіңізді басқа мекен жайға тіркеуге қоя аласыз. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша Егов порталы арқылы да, онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе жеке нөмірі тіркелген болса жеткілікті.