«Egov Mobile» қосымшасы

Бұл қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтуге болады. Мобильдік қосымша ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымшаның басты бетінде: Қосымшамен жұмыс істеу бойынша пайдаланушыға арналған қысқаша нұсқаулар. Нұсқаулықтар әлеуметтік желілер бойынша пайдаланушыларға таныс тарих түрінде орындалған. Сканерлеу арқылы QR қол жетімді: Егов сайтта қосымшадағы QR кодын сканерлеу арқылы авторизациялану және қызметтерге қол қою. Сонымен қатар сканерлеу арқылы «Цифрлық құжаттар» сервисінде үшінші тұлғаның құжатын көруге рұқсат алуға болады. «Танымал қызметтер» бөлімінде барынша талап етілетін анықтамалар көрсетілген, қызметтердің толық тізімін «Барлық қызметтер» сілтемесі бойынша өту арқылы танысуға болады. «Хабарламалар» бөлімінде сіз қызметтер мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламалар мен ақпараттық хабарламаларды көре аласыз. Бір ретік пароль сұрау салуды жібергеннен кейін пайдаланушының ұялы телефонына келетін тексеру коды бар смс-хабарлама. Бір реттік парольді пайдалану үшін пайдаланушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.

Дата публикации
27 января 2022