Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB кабель арқылы компьютерге қосыңызда, «Менің компьютерім» бөліміне кіріп «ЭЦҚ-ны (AUTH,RSA- ..p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз. Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүйесінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз.
2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
3. iTunes –ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ файлдарға » өтіңіз.
4. Сол жақтағы тізімнен egov Mobile бағдарламасын таңдаңыз.
5. «Қосу » батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ файлдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.
Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады. Еgov Mobile-дан жүктелген ЭЦҚ тек қосымшада ғана жарамды. Егер сіз оны компьютерден жүктеген болсаңыз, оны барлық жерде қолдана аласыз.