Тәуелсіздік күні туған 2000-нан астам бала «Сүйінші » алды. Соның ішінде Жамбыл облысында мереке күндері 144 нәресте дүниеге келді.Мерекенің 30 жылдығына орай жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына baby-бокстар жеткізілді. Меркелік қораптарда сәбилерге арналған жиынтықтан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі бар. 16-17 желтоқсан күндері туылған балаларға, Туу туралы куәлікке өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарация қызметкерлері босану орталықтарында қабылдап,АХАТ бөліміне жолдады. Сүйінші –бокстарды Цифрландыру министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы бірлесіп ұйымдастырды.Осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқаны үшін ҚР Ұлттық банкіне, Центр Кредит Банкіне және «Казпочта» АҚ-на, сонымен қатар аймақтағы медициналық мекемелердің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.