Аукционда сатылатын жер телімдерінің тізімі

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

АУКЦИОН  ӨТЕДІ

 2021 жылдың 27 желтоқсанында  сағат 10-00 де шағын кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін  2 жер учаскелерін сату үшін  аукцион өткізіледі.

Аукционда сатылатын жер телімдерінің тізімі

№

Орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Құқық түрі

Жалпы көлемі

шаршы метр

Өткізілу тәсілі

1

Құлан ауылдық округі

Құлан ауылы

Шағын кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін

Жеке меншік

1500

Аукцион (ағылшындық тәсіл)

2

Құлан ауылдық округі

     Құлан  ауылы

Шағын кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін

Жеке меншік

1500

Аукцион (ағылшындық тәсіл)

 

   Сауда-саттықты өткізу Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта аукцион арқылы жүзеге асырылады.Сауда-саттық ағылшындық тәсілінде аукционшы нысанның бастапқы бағасын және бағаның өсім қадамын хабарлайды.

     Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ, ол жарияланған өсім қадамынан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың нысанды аукционның нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендіретін нысанның саудасында кемінде екі үміткер қатысқан жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады. Сатылған жер учаскелерінің нысанды орналастыру міндетті түрде берілген мақсатында пайдалану болып табылады, келісім-шартын сақтау, сервитутты ұсыну, уақтылы жер салығын төлеу.      

    Аукционда анықталған нысан құнының    50 пайызы сауда-саттық келісім шартына қол қойылған соң 5 банкілік күн ішінде алдын-ала төленеді.

Қалған сомасы сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешікпей төленуі тиіс.

     Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна 50 АЕК (айлық есеп көрсеткіш)   құрайды.

     Кепілдік жарна «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің депозиттік есеп-шотына аударылады: ЖСК КZ800705034631758006, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің Т.Рысқұлов аудандық басқармасы» ММ, БСК KKMFKZ2A, БИН 060240007936, Кбе 12, КНП 171 ,код 4631758

                  Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

  1. Белгіленген үлгіде сауда-саттыққа қатысуға өтінім;
  2. Кепілдік жарнаның төлемін куәландыратын төлем құжаттарының көшірмесі;
  3. Өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат; (Ескертпе: көшірмелердің дұрыстығын салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады)

Шетелдіктер, немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Жеке тұлға банкіден немесе Каз поштадан  есепшот ашуы керек.

Өтініштер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Мекен-жайы: Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 73 үй

Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 8 (726231) 2-27-48,

2-21-84  телефоны арқылы алуға болады.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Дата публикации
10 декабря 2021