Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады? Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:
Өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, төлқұжатты ауыстыру үшін- ҚР азаматының төлқұжаты, 16 жасқа толмаған болса-туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты,өлшемі 3,5*4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет, тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме), консулдық төлем түбіртегі. Қызмет көрсету мерзімі- 80 күнтізбелік күн.