Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылдың
қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 95 қызмет көрсетіледі.
2020 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 27753 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 17548 қызмет (63,3 %);
қағаз нысанда – 2225 қызмет (8,0 %);
қағаз нысанда (баламалы) – 1702 қызмет (6,7 %).
веб-портал арқылы - 2049 қызмет (7,3%)
мемлекеттік корпорация арқылы – 4229 (15,2%)
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілеріне қызмет көрсетуден бас тартылмады.
2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер фактісі тіркелмеген.
Аудан бойынша ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2020 жылы 111 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1928 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2020 жылығы қысқаша есебі
Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкер бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 10 ішкі бақылау жүргізіп, Нәтижесінде 15 бұзушылықтар анықталып, 15 ұсыныс әзірленді.
2020 жылы анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың (жауапты қызметкердің біліктілігін арттыру)15 фактісі тіркелді.