Болашақ аналарға жақсы жаналық!

Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk Homebank  пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильдік қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз.Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет.Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH –хабарлама және SMS жіберіледі.Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз.Бұған дейін жәрдемақыға өтініш ХҚКО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS сервисі арқылы беруге болатын.Жаңа қызметпен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай!

Болашақ аналарға жақсы жаналық!
Дата публикации
19 ноября 2021