Т.Рыскулов мем қыз есебі 1 кв 2021г.

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 86 қызмет көрсетіледі.

2021 жылдың І тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 5418 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    2438  қызмет (45,0 %);

қағаз түрінде                     –    816 қызмет (15 %);

қағаз түрінде (баламалы) –   223 қызмет (4,1 %).

Веб-портал арқылы           -   790 қызмет (14,6%)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 1150 (21,2%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілеріне қызмет көрсетуден бас тартылмады.

2021 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелмеген.

Аудан бойынша ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың І тоқсанында 22 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 357 халық қамтылды.        

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау Көгершін ауылдқ округі әкімінің аппаратына жүргізіліп, Нәтижесінде 1 бұзушылықтар анықталып, 1 ұсыныс әзірленіп, орындалу үстінде.

Бірінші тоқсанда анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың (жауапты қызметкердің біліктілігін арттыру)1 фактісі тіркелді.

 

 

Т.Рыскулов мем қыз есебі 1 кв 2021г.
Дата публикации
06 апреля 2021