ҚР әрбір азаматы атын,тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез келген себеп болуы мүмкін:біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары-жеке көңіл қалауымен.Аты-жөніңізді ,сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізуқызметін Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады.Сондай-ақ сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз. Қажетті құжаттар тізімі: белгіленген үлгідегі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет. Мемлекеттік баж көлемі: аты-жөнін өзгертуді тіркеу-2 АЕК, аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге , толықтыруға ,түзетуге және қалпына келтіруге куәлік үшін-0,5 АЕК. Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін. Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. Қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күні.