2021 жылғы 12 қыркүйекте Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2 округ бойынша өтті.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Әкімге үміткерлер саны - 2 адам.
«Nur Otan» партиясы - 0 адам,
«Ауыл»ХДПП -0 адам,
ҚДП «Ак жол» -0 адам,
«ADAL» ПП - 0 адам,
ҚХП - 0 адам,
ОСДП* - 0 адам,
Өзін-өзі ұсыну жолымен - 2 адам.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2122 азамат енгізілді, оның ішінде 1847 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 79, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 29.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кенжеғара С.Ж. – 1357; Жузбаев А.Р - 490;
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Кенжеғара Сәбит Жұмағалиұлы сайланды, 1993 жылы туған, Көкдөнен ауылдық округінің бас маманы, Өрнек ауылдық округінің Әбжапар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылы 12 қыркүйекте сайланған Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Луговой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.
«Nur Otan» партиясы - 1 адам,
«Ауыл»ХДПП - адам,
ҚДП «Ак жол» -0 адам,
«ADAL» ПП - 0 адам,
ҚХП - 0 адам,
ОСДП* - 0 адам,
Өзін-өзі ұсыну жолымен - 2 адам.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6406 азамат енгізілді, оның 5630-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 118, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 123.
«Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кулманов А.А. – 372; Мырзабаева У.Ж. – 119; Сванов М.А. – 5139.
Луговой ауылдық округінің әкімі болып Сванов Муратбек Айтымбетұлы сайланды, 1967 жылы туған, Луговой ауылдық округінің әкімі, Құлан ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылы 12 қыркүйекте сайланған Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округінің әкімін тіркеді.