

2021 жылдың 10 қыркүйегінде Т.Рысқұлов ауданына Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында, Төраға Ақбұлақ, Луговой ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша 6-сайлау учаскелерін аралап жұмыстарымен танысты.
Сайлау дайындығы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасы М.Тлепов баяндады.
№354,355,356,357,358,359 сайлау учаскелерінің төрағалары кездесу барысында, сайлау учаскелеріндегі атқарылып жатқан іс шараларды айтып, біраз ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында С.Айдапкелов сайлау комиссия мүшелерімен пікір алмасып аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде СОVID-19 коронвирустық инфекцияның таралуының алдын-алу туралы шаралардың ұйымдастыруын басып айтты.
Кездесу барысында С.Айдапкелов сайлау комиссия мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді.