Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес кандидаттар ұсынылуда

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2021 жылғы 23 тамызда Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

Луговой ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 2;

Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 3;

 

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2021 жылғы 12 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 14 тамызынан 27 тамызына дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес кандидаттар ұсынылуда
Дата публикации
23 августа 2021