Біз біргеміз.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бүкіл әлемге үлкен сынақ ала келген COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қорғану үшін барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  санитайзерлер орнатылып, маска кию және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау   талап етіліп, басқа да іс-шаралар қолға алынды. Электрондық қызметтерді алу жолдарын түсіндіріп, портал мен мобильді қосымшаларды насихаттау үшін арнайы топтар да құрылды.

Індет салған сергелдеңге қарамастан, бірқатар жобалар іске қосылды:

 көліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін үйге жеткізу, жеке менеджер қызметін пайдалану, QR-код ар қылы төлем жасау сервистері жүзеге асырылды. Пандемия салдарынан халықтың жабырқап қалған көңілін көтеру және корпорация қызметкерлерінің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Бақытты клиент» тұжырымдамасы іске қосылды. «Біз жылу сыйлаймыз» ұранымен ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәланды ратын құжатты немесе жүргізуші куәлі гін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәт терімен құттықтап, жылы лебіздерін арнауды дәстүрге айналдырды.

Біз біргеміз.
Дата публикации
18 августа 2021