Т.Рысқұлов ауданы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат.

2021 жылы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

 Т.Рысқұлов ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтетін 8 сайлау округіне 25 кандидат ұсынылды. Олардың 15-сі (62,5%) саяси партиялармен, 10-ы (40%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Саяси партиялар 8 сайлау округіне төмендегіше  өз кандидатураларын ұсынды:

«NurOtan» партиясынан 7 кандидат;

«Ауыл» ХДПП –  0 кандидат;

«Ақ жол» ҚДП – 8 кандидат;

«АDAL» саяси партиясынан – 0 кандидат;

ҚХП – 0 кандидат;

ЖСДП – 0 кандидат.

Бір орынға орташа бәсекеге қабілеттілік 3  кандидат болды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріліп  және оларды тіркеуді 2021 жылдың 08 шілдесінде аяқталды..

Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 24  кандидат немесе  96,0 пайызы тіркелді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат.
Дата публикации
10 июля 2021