Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес  Т.Рысқұлов  аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ           ЕТЕДІ:

 

  1. Т.Рысқұлов ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

 

- Қайыңды ауылдық округінің әкімі;

- Тереңөзек ауылдық округінің әкімі.

  -Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі.

  -Өрнек ауылдық округінің әкімі.

  -Абай  ауылдық округінің әкімі.

  -Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі.

  -Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі.

  -Қорағаты ауылдық округінің әкімі.

 

 

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Құлан таңы" газетінде жариялансын.
Т.Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
25 июня 2021