«Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімнің және әкімдік қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080900, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 75.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
- «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.