«Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 14 (он төрт) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qulan tany» газетінде жариялансын.
4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Тлепов
Хатшы А. Садық
Құлан ауылы,
13 қазан 2026 жыл
№10
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы №10
қаулысына қосымша
Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылы, Жамбыл көшесі, 52, «Т. Рысқұлов ауданының Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды, Мамай-Қайыңды және Сөгеті ауылдары, сондай-ақ № 2035 әскери бөлімі, Тереңөзек ауылдық округінің Тереңөзек, Көкарық және Шолақ-Қайыңды ауылдары.
Құрамына №328, №329 және №487 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылы, С.Ахметов көшесі, 45Г, Т.Рысқұлов аудандық «Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Ақыртөбе ауылдық округінің Ақыртөбе және Малдыбай ауылдары, Ақниет ауылдық округінің Д.Қонаев және Әбілқайыр ауылдары..
Құрамына №330, №333 және №334 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы, Е.Алпысбайұлы көшесі, 31, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Өрнек ауылдық округінің Өрнек, Жарлысу, Сұнқайты, Әбжапар және Сәлімбай ауылдары.
Құрамына №331, №332, №345 және №485 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы, Жібек жолы көшесі, 63, «Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Құмарық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Құмарық ауылдық округінің Алғабас, Құмарық және Қаракемер ауылдары.
Құрамына №335 және №336 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылы, Амангелді көшесі, 30, Т.Рысқұлов аудандық «Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көгершін ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралары: Көгершін ауылдық округінің Көгершін және Қосапан ауылдары.
Құрамына №337 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы, Жамбыл көшесі, 14, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Көкдөнен ауылдық округінің Көкдөнен және Жақсылық ауылдары, сондай-ақ Құмарық станциясы.
Құрамына №339 және №340 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 94, «Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Құлан ауылдық округінің Құлан ауылы және Арай тұрғын үй алқабы.
Құрамына №362, №486 және №526 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 81, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Құлан ауылдық округінің Құлан және Шөңгер ауылдары.
Құрамына №341 және №342 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 57, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Құлан ауылдық округінің Құлан және Қарақат ауылдары.
Құрамына №343, №344 және №360 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы, Сатыбалды Жүсіп Шәу көшесі, 1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Абай ауылдық округінің Еңбекші және Көкарық ауылдары, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка, Қазақ, Жалпақсаз және Тасшолақ ауылдары.
Құрамына №346, №347, №348, №349 және №350 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 4А, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылы.
Құрамына №357 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, С.Есімұлы көшесі, 63, Т.Рысқұлов аудандық «Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Луговой ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Луговой ауылдық округінің Луговой ауылы.
Құрамына №358 және №359 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сабденов ауылы, Р.Сабденов көшесі, 25, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ақбұлақ ауылдық округінің Қызылшаруа, Р.Сәбденов және Бәйтелі ауылдары.
Құрамына №354, №355 және №356 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№ 14 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 45, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т. Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жаңатұрмыс ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы, Қорағаты ауылдық округінің Қорағаты, Аққайнар, Тойқұдық және Мамыртөбе ауылдары, сондай-ақ Қорағаты теміржол станциясы.
Құрамына №351 және №352 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.