«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 14 (он төрт) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Төраға М. Тлепов
Хатшы А. Садық