Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 5-тармағына және «2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы Ақниет және Құмарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №9 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі Т.Рысқұлов ауданы Ақниет және Құмарық ауылдық округтері бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарлайды:

 

№334 сайлау учаскесі:

 Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі №25, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің №5 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Ақниет ауылдық округінің Д.Қонаев, Әбілқайыр ауылдары.

 

№335 сайлау учаскесі:

Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Алғабас ауылы, С.Игісінов көшесі №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Алғабас ауылы.

 

№336 сайлау учаскесі:

 Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Құмарық ауылы, Жібек жолы көшесі №63, «Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Құмарық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Сайлау учаскесінің шекарасы: Құмарық ауылдық округінің Құмарық, Қаракемер ауылдары.

 

 

Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі

 

Дата публикации
08 октября 2026