«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 08 қарашаға Т.Рысқұлов ауданы Ақниет және Құмарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
- 2026 жылғы 08 қарашаға тағайындалған Ақниет және Құмарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Комиссия төрағасы М.Тлепов
Комиссия хатшысы А.Садық
Құлан ауылы,
30 қыркүйек 2026 жыл
№9