«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Т. Рысқұлов ауданының Ақниет және Құмарық ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Ақниет және Құмарық ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға М.Тлепов
Хатшы А.Садық
Құлан ауылы,
30 қыркүйек 2026 жыл
№8