«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №2 округтік сайлау комиссиясының 2 мүшесі, №3 округтік сайлау комиссиясының 1 мүшесі, №4 округтік сайлау комиссиясының 2 мүшесі, №5 округтік сайлау комиссиясының 1 мүшесі , №11 округтік сайлау комиссиясының 1 мүшесі, №13 округтік сайлау комиссиясының 3 мүшесі өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2026 жылдың 10-ы қазаны сағат 18:00-ге дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
2.Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75.
Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76.
Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихат аппараты