СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты басшысы бекіткен жоспарға сәйкес, 2026 жылы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдау мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты – Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталған тиісті шаралар қабылданатын болады.