Барлық кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі : ҚАУЛЫЕТЕДІ 1. Т.Рысқұлов ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. Ауылдық округтердiң әкiмдерi барлық кандидаттар үшiн тең құқықтарды қамтамасыз ететiн шарттарда үгiт баспа материалдарын орналастыру үшiн бірдей және тең жағдайларды қамтамасыз етсiн. 3. «Т.Рысқұлов аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына жіберілуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.4. Осы қаулының орындалуын бақылау Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. Т. Рысқұлов ауданы әкімі Е. Есіркепов «КЕЛІСІЛДІ» Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы