Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ХАБАРЛАМАСЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 5-тармағына және «2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №7 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарлайды:

 

№339 сайлау учаскесі:

 

Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Көкдөнен ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі №89, «Тұрар Рысқұлов аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Көкдөнен ауылы, Құмарық станциясы.

 

№340 сайлау учаскесі:

 

Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Жақсылық ауылы, Жамбыл көшесі №14, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің Қызылпан Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекарасы: Көкдөнен ауылдық округінің Жақсылық ауылы.

 

 

Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі

 

Дата публикации
11 августа 2026