Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Т.Рысқұлов  ауданы  Көкдөнен ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 13 қыркүйекке Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын;
  2. 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Көкдөнен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Qulan Tany» газетінде жариялансын.

 

         Комиссия төрағасы                                                   М.Тлепов

 

          Комиссия хатшысы                                                   А.Садық

 

 

 

Құлан ауылы

05.08.2026 ж.

№7

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2026