«Жамбыл облысы, Т.Рысқұлова ауданы, Жаңатұрмыс ауылын дамыту және құрылыс жоспары (шағын елді мекеннің оңайлатылған бас жоспары) (түзету)»

Хабарландыру

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» түзету жобасы бойынша қоршаған ортаға әсерді скринингтеу материалдарын қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі материалдар ұсынылды:

  • Құжаттардың қоршаған ортаға әсерін скринингтеу жөніндегі есеп;
  • «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» түзету жобасы.

Жобалаушы ұйым: «EUROBASIS» («ЕВРОБАЗИС») ЖШС.

Тапсырыс беруші: «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Стратегиялық экологиялық бағалау материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Осыған байланысты барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды келесі мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, қандай әсерлер болуы ықтимал және оларды неліктен елеулі деп санайсыз?
  • Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған орта мен халық денсаулығына қандай ықтимал әсерлерді қосымша зерттеу қажет деп есептейсіз және не себепті?
  • Стратегиялық экологиялық бағалау есебінде Сізді қызықтыратын барлық маңызды ақпарат қамтылған ба? Қандай қосымша ақпарат қажет деп санайсыз?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал әсеріне қатысты өзге де ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болса, жолдауыңызды сұраймыз.

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2029–2039 жылдар.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 мамырдан 2026 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Телефондар: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

Электрондық пошта:
b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді:

  • Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңсесінің электрондық поштасына: k.kense@ecogeo.gov.kz;
  • b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz және n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайларына;
  • WhatsApp арқылы: 8 707 617 31 74 нөміріне жолдауға болады.

Стратегиялық экологиялық бағалау материалдары:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында («Қызмет» – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімдері) және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Дата публикации
12 мая 2026