
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ
Ауданның жалпы жер көлемі 908 691 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің үлесі 720 924 гектар (егістігі – 146 654 га, жайылымы – 574 270 га).
2020 жылы жалпы ауданы 1805га(оның ішінде 1757,4 га жайылым, 47,6 га егістік) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Көлемі 5 678 гектар жайылым санатындағы 72 жер учаскелерін пайдалануда заң бұзушылық анықталып, ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
12 372 гектар жер телімі (оның ішінде 532 га егістік, 11 840 га жайылым) қайта айналымға қосылды.
1120 гектар жақсартылған жайылым және шабындық жерлердің санаты егістік санатына ауыстырылды.