
Мәдени туризм - туризмнің ең танымал және кең таралған түрі. Ескерткіштердің саны мен алуан түрлілігі бойынша Қазақстан Үндістан, Қытай, Жерорта және Таяу Шығыс мемлекеттерінен кем түспейді және өзіндік ашық аспан астындағы мұражай болып табылады. Осыған байланысты тарихи-мәдени туризмнің дамуы айрықша маңызға ие, атап айтқанда, Жамбыл облысында елімізде тарихи-мәдени мұраның болуы тұрғысынан алдыңғы қатарлы саналатын - Ұлы Жібек жолының тірі тармағы.