GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 апреля 2026
Тереңөзек ауылдық округінде шағын аллея талдары әктелді

        2026 жылғы 25 сәуірде Тереңөзек ауылдық округінде өткізілген сенбілік барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында шағын аллея ішіндегі талдар әктелді.

23 апреля 2026
Тереңөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда

          «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тереңөзек ауылдық округінде 18 сәуір күні тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шара барысында округ аумағындағы скверлер, аллеялар және саябақтардың ішкі аумақтары күл-қоқыстан толықтай тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және белсенді жастар атсалысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
          Сонымен қатар, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.  Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

10 апреля 2026
Тереңөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды өтуде

           «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тереңөзек ауылдық округінде кезекті көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
          Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Тереңөзек ауылына кіреберіс жол бойына ақ қайың және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылып, ауыл келбеті көркейе түсті.
           Бұл игі шара ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты қорғауға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

02 апреля 2026
Тереңөзек ауылдық округінде жаздық арпа егу жұмыстары жүргізілуде

        Тереңөзек ауылдық округінде көктемгі егістік дала жұмыстары аясында жаздық арпа дақылдарын егу барысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстардың орындалу барысымен округ әкімі Қанат Смат Төлеуұлы арнайы барып, танысты.
        Әкім “Жиенбет” , “Береке”, “Жамбыл БТТ” және “Макпал” шаруа қожалықтарының егіс алқаптарын аралап, көктемгі науқанның барысын көріп қайтты. Шаруашылықтарда тұқым себу жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.

31 марта 2026
«Таза Қазақстан» акциясы

“Таза Қазақстан” акциясы аясында 2026 жылғы 28 наурыз күні Тереңөзек ауылдық округінде игі іс ұйымдастырылып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында 100 түп ағаш отырғызылды. Бұл шара табиғатты қорғауға, ауылдың келбетін жақсартуға және келер ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталды.

16 марта 2026
Тереңөзек ауылдық округінде «Ана – бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті

         8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тереңөзек ауылдық округінде «Ана – бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аналардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеп, оларға құрмет көрсету, мерекелік көңіл күй сыйлау болды.
           Мерекелік кешке Тереңөзек ауылының 150-ден астам аналары мен әжелері қатысты. Шара барысында Тереңөзек ауылының әкімі Смат Қанат Төлеуұлы жиналған аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, тілегін білдірді.
        Сондай-ақ, 1980 жылғы азаматтардың демеушілігімен аналарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.
        Кештің көркін «Шаттық» би тобы, «Әжелер» тобы және хор ұжымы өз өнерлерімен қыздырып, әсем ән мен мың бұралған билерін тарту етті. Көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды.
         Шара соңында ауылдың ақ жаулықты әжелері ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

18 июля 2025
Ағымдағы жылдың 18 шілде күні, Тереңөзек ауылдық округінде 2025 жылғы Ұлттық ауылшаруашылық санағына байланысты түсіндіру жиыны өтті.

Жиынды "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің" Т.Рысқұлов ауданы статистика басқармасының нұсқаушысы Ноғаева Аида Ерланқызы және Тереңөзек ауылдық округі әкімдігінің маманы Біржан Жанбаев өткізді.

🧑‍🌾 Санаққа мал, өсімдік, балық шаруашылығымен айналысатын барлық шаруа қожалықтары, фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық иелері қатысады.

📅 Санақ 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

18 июля 2025
Урожай 2025. Хозяйства Теренозекского сельского округа. Среди них: «Береке», «Макпал», «Данияр». Я ознакомился с ходом уборки, руководителями хозяйств, комбайнами и моментом уборки пшеницы.
04 апреля 2025
Салт дәстүрім--баға жетпес жақұтым"
27 марта 2025
Көрісу күні
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы