Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің жылдық жоспарына сәйкес «Ауыл жобасы» аясында Тереңөзек ауылында Ақыртөбе, Тереңөзек, Әбжапар, Қонаев, Жарлысу ауылдық мәдениет ошақтарының, ауыл өнерпаздарының «Ауылым — алтын тұғырым» атты мерекелік іс шара аталып өтті. Айтулы іс—шарада ауылдың алты ауызы шырқалып, қазақтың ұлттық салт—дәстүрі мен ұлттық спорттық ойындар дәріптелді. Мерекелік той думан ежелгі Құлан қарашығына керуен келіп, «Ашамайға мінгізу» яғни атқа отырғызу салт — дәстүрілері көрсетілді. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татыртып. Мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.