
Абай ауылдық округінде «Қалқабай ата» мешіті бар.
2020 жылы ауыл жастарының иманды, ізгілікті тірліктерінің арқасында
- Мешіт алдына 1 млн теңгеден астам қаржыға ұзындығы 40 метрлік брусчатка жол салып, екі шетіне шырша отырғызып, түнгі шам орнатты.
- Мешіт ішіне екі үлкен кілем, люстра шам сыйға тартты.
- "Дауылбай" шаруақожалығының басшысы Шарапат Жұмағұлованың ұлдары Мешітке дәрет алу бөлмесімен қойма салып берді.
2021 жылы 30 қарашада Абай ауылдық округінде әлеуметтік асхананың ашылуы салтанатты түрде өтті. Ноқырабеков Мәскеу мен Атабаев Шоран аталарымыз бастаған бір топ қариялардың қатысуымен өткізілді. Асхана құрылысы үшін еңбек еткен біршама азаматтарға алғыс хаттар мен сый-сыйапаттар берілді