«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне 2024 жылғы 15 сәуірдегі 1-тарауға мынадай толықтыру енгізілді: 5-1-бап, Отбасын қолдау орталығын құру бөлігінде.
Отбасын қолдау орталығының мақсаттары:
Отбасын қолдау орталығының міндеттері:
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде, оның ішінде ықпалдастырылған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерінің мониторингі мен талдауы;
8) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларға) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі ұтқыр топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өзге де шараларды іске асыру жатады.
Отбасын қолдау орталығының функциялары:
Психологиялық көмек, оның ішінде:
- ата-аналарды, балалар мен жасөспірімдерді қоса алғанда, отбасы мүшелері үшін жеке және топтық консультациялар өткізу.
- стрессті басқару, коммуникацияны жақсарту және жанжалдарды шешу бойынша тренингтер ұйымдастыру
Заң көмегі:
- отбасы заңнамасы, балалар құқықтары, неке және мүліктік қатынастар мәселелері бойынша консультация беру.
- қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік қолдау, оның ішінде:
- қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету (мысалы, көп балалы,
- аз қамтамасыз етілгендерге, мүгедек немесе ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға)
- әлеуметтік жеңілдіктер, қолдау бағдарламалары және мемлекеттік көмек туралы ақпарат беру арқылы.
Біздің мекен-жайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Иванов көшесі 19, 2 қабаттағы Мәдениет үйінің ғимараты.
Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13: 00-ден 14: 30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9: 00-ден 18: 30-ға дейін жұмыс істейді.
Біздің байланыс: 2-10-51, сенім телефоны 2-10-51.