«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдықмемлекеттікмекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Жамбыл ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
3) жұмыссыздық деңгейін төмендету, кедейлікті қысқарту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
4) әлеуметтік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) зейнеткерлерді, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды және нысаналы топтарды қолдау мақсатында ұйымдардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларының өзара іс-қимылын үйлестіру;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына атаулы көмек көрсету;
7) бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету.
1) Жұмыспен қамту саласында:
өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды негізге ала отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытын айқындайды;
жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды өңір нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақты дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы 2леуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын іске асырады, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастырады;
мүмкіндіктері шектеулі адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар; білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлейді және іске асырады;
жазғы демалыс кезеңінде студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жұмыс берушілердің, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген жұмыссыздардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайларын, еңбекақы мөлшері мен қаржыландыру көздерін бекітеді;
халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі мәселелерді қарайтын атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтардың өкілдерінен құрылатын консультативтік комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
жасырын жұмыспен қамту, жұмыссыздық, жалақы бойынша берешек туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу;
ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен ұжымдық шарттар, әлеуметтік әріптестік бойынша меморандумдар жасау бойынша түсіндіру жұмыстары.
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
үйде оқитын мүгедек балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, шығындарды өтеу;
мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, еңбекке қабілетсіз және табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
жалғызбасты және қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан сұратуға және алуға;
2) халық пен заңды тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және жеке өтініштерін қарау;
4) талап қоюға, соттарда талап қоюшы, жауапкер, үшінші тұлғалар, куәлар, мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер жөніндегі мамандар ретінде әрекет етуге міндетті.
25 Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
1) Мекемеге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Мекеменің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Мекеменің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
5) Мекеменің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
6) Мекеме қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
7) Мекеме шегінде аудан әкімдігінің, әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
8) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
9) Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның құзыретіне кіретін еңбек қатынастарының мәселелері;
10) Мекеме қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
11) Мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
12) барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Мекеменің атынан шығады;
13) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды, Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
15) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Құрылтайшының орналасқан жері: индексі 150600, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 10.
Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
Құрылтайшы, Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, тиісті саланың уәкілетті органы, мекеме және ұжым әкімшілігі арасындағы мекеменің өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.