«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

 

 

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі 19 мемлекеттік қызмет көрсетті.

         2023 жылдың ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1820 қызметті құрайды 2022 жылы 665 қызмет көрсетілді, оның ішінде:         -        –       -көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсеткен-0 қызмет;

         -көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанында көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб – порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-0 қызмет;

         - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 2022 жылы 1023 қызмет 0;

         - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 104 қызмет 2022 жылы-34;

         - Мемлекеттік корпорация арқылы 100 қызмет көрсетілді, 2022 жылы 69 қызмет көрсетілді;

         - электрондық үкімет порталы арқылы-593 қызмет 2022 жылы 562 қызмет.

         2023 жылы «СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де проактивті форматта 7, 2022 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         - «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» 2023 жылы 1 өтініш 2022 жылы 2 өтініш түсті.

         - «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» 2023 жылы 3 өтініш 2022 жылы 5 өтініш түсті.

         «Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» 2023 жылы1 өтініш 2022 жылы 1 өтініш түсті.

         «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» аса сұранысқа ие қызметтер болды.

         2023 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметіне біржолғы әлеуметтік көмекті 15 АЕК – тен 35 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді: басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға.

         Сондай – ақ, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек - 29 тамызда – Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күні (бұрын 9 мамырға дейін төленген) көрсетіледі.

         Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек 2024 жылдан бастап - 15 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күнге дейін көрсетіледі (бұрын 9 мамырға дейін төленген).

            Саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдарға бұрынғы КСР Одағының аумағында және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және бас бостандығынан айыру орындарында ата - аналарымен немесе оларды алмастырған адамдармен бірге болған саяси қуғын - сүргін құрбандарының балаларына бұрын біржолғы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне-16 желтоқсанда көрсетілді, өзгерістер енгізілді, азаматтардың осы санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 31 мамырда көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмек көрсетуге толықтырулар енгізілді:

         1.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және «Ардагерлер туралы» Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға теңестірілген ардагерлерге 2024 жылдан бастап:

         - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге (уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша азаматтардан өтініштер мен қоса берілетін құжаттарды талап етпей) және отын сатып алуға ай сайын 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;

         - жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызу орнына дейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тоқсан сайын жол жүру құны мөлшерінде жол жүру ақысын төлеуге (растайтын құжаттарды ұсынған кезде).

         2.Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына 1 рет 50 АЕК мөлшерінде (уәкілетті органның тізімі негізінде) санаторий-курорттық емделуге жеке көмекшінің сүйемелдеуіне әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

         Жұмыспен қамту бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2023 жылы қолжетімділік бұрышы арқылы 60 өтініш берілді.

         Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, плакаттар), роликтер пайдаланылады. Бұл материалдар бөлімнің стендінде және сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды.

         Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тарта отырып, «Ашық есік күні», «Дөңгелек үстел» түсіндіру іс-шаралары, семинарлар, тікелей эфирлер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді, сондай-ақ аудандық «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерінде мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланды.

         Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес 2013 жылғы

15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

         Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы жұмыс электрондық режимде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды танымал ететін түсіндіру іс-шараларына, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге оқыту семинарлары бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

 

        

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2024