«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресновка ауылында, Дружба к-сі, 6-үйде орналасқан, «Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі ведомстволық бағынысты ұйымын қамтиды.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығы 19 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2022 жыл ішінде барлығы 4588 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 1454 қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 107 қызмет;
- Мемлекеттік корпорация арқылы-70 қызмет көрсетілді;
- электрондық үкімет порталы арқылы-2957 қызмет.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 98,5% -. құрады.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» ең көп сұранысқа ие қызметтер болды. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-19.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімінің және ведомстволық бағынысты ұйымның ғимаратында көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) орналастырылған. Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында орналастырылған.
Жұмыспен қамту бөлімінде және Халықты жұмыспен қамту орталығында электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыспен қамту бөлімінде көтергіш, Халықты жұмыспен қамту орталығында пандус жабдықталған, көмекке шақыру түймелері орнатылған.
Халық арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, плакаттар), роликтер пайдаланылады. Бұл материалдар бөлімнің стендінде және сайтында орналастырылған, ал полиграфиялық материалдар халыққа қосымша таратылды.
Мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету мақсатында Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тарта отырып, «Ашық есік күні», «Дөңгелек үстел» түсіндіру іс-шаралары, семинарлар, тікелей эфирлер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді, сондай-ақ аудандық «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерінде мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланды.
Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында 2023 жылы жұмыс электрондық режимде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды танымал ететін түсіндіру іс-шараларына, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оқыту семинарлары заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысының м.а Д. Смайылов